Cұлулық салоны қызметінен кейін әйел адам қайтыс болды

990

Өскемен қаласының прокуратурасының мәліметінше, сұлулық салонына әйел көзіне блефаропластика жасату үшін барған.

Cұлулық салоны қызметінен кейін әйел адам қайтыс болды Фото: tengrinews.kz

"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Сондай-ақ биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу