Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланды

332

Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов әкімшілігінің Telegram арнасы хабарлады. 

Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланды Фото: t.me/agiprd

"24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды", - делінген хабарламада.

Бүкіл республика бойынша аза тұту күндері мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі. Өңірде орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен хабарларын тоқтатады.

"Дағыстан Республикасының үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды", - деп атап өтті билік өкілдері.

Еске сала кетсек, Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу