Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады

465

Дағыстанның Тарумов ауданында қайғылы оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – балалар.  

Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі

Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп жазады inbusiness.kz сайты "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 22 шілдеде Астрахань-Махачкала федералды тас жолының бойында болған. Зардап шеккендердің барлығы Кочубеев медициналық-санитарлық бөлімшесіне жеткізілді. Қазір екі науқас ауыр хәлде жатыр.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек Удмуртияның тұрғындары да бар.

"Зардап шеккендерді тікұшақпен Махачкала жеткізу жоспарлануда", – деп хабарлады Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу