Бүгін Қарағанды облысының Қарақаралы ауданында денесінің 90%-ын термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте дала өртін сөндіру кезінде Қарақаралы ауданының үш тұрғыны зардап шеккен болатын.
Олардың денесін 18%, 28% және 90% күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі бүгін Қарқаралы орталық аудандық ауруханасында қайтыс болды.
"Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90% күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың денесін 28%, үшіншісін 18% күйік шалған. Олардың жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.