Дәленов "EXPO-2020" көрмесінің тиімділігін дәлелдеу керек екенін айтты

1324

Халықаралық көрме 2020 жылдың 20-шы қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтеді.  

Дәленов "EXPO-2020" көрмесінің тиімділігін дәлелдеу керек екенін айтты

Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысуға бөлінетін қаржы қайта есептелуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 9 млрд теңгенің тиімділігін арнайы комиссияның шешетінін айтады. Ең бастысы онда Сауда және интеграция министрлігі шығындалатын қаржының тиімділігін дәлелдеуі қажет. Қазақстан 9 млрд теңгеге ЭКСПО павильонынан Қазақстан 3 мың 420 шаршы метр жер алмақ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның бір тиынына дейін шығын болмасына уәде еткені есте. Тіпті керісінше 6 айға жалғасатын шарада Үкімет тікелей инвестиция ағынын еселеп қайтуды жоспарлаған. Әрі қолданылған материалдарды да тастамай, елге жеткізіп, кәдеге жаратпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу