Даниал Ахметов Риддер қаласы әкімінің жақындарына көңіл айтты

576

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қайтыс болған Риддер қаласының әкімінің жақындарына көңіл айтты. 

Даниал Ахметов Риддер қаласы әкімінің жақындарына көңіл айтты Фото: yandex.kz

Дмитрий Горьковой Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және жеке өзімнің атымнан Дмитрий Анатольевич Горьковойдың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Мен оның туған жері Усть-Таловкадағы ата-анасына барамын. Оның өмірден озуы барлығымыз үшін, яғни әріптестеріне, достарына, соңғы жылдары әкім болған Риддер қаласының тұрғындары үшін күтпеген соққы болды. Бұл орны толмас ауыр қайғы. Өйткені Дмитрий Анатольевич өз жұмысының кәсіби маманы, іскер адам болғаны белгілі. Ол адамдарды бағалай білетін, әрқашан көмекке келуге дайын тұратын мейірімді жан болатын. Біз Дмитрий Анатольевичтің отбасымен бірге қайғырып, көңіл айтамыз, - дейді аймақ басшысы.

Еске сала кетсек, Диддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, журналист Асхат Ниязов Риддер қаласы әкімінің отбасынан кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу