Данияр Ақышев: Көптеген орташа банктер ірі болды, шағын банктер орташаға айналды

728

Данияр Ақышев: Көптеген орташа банктер ірі болды, шағын банктер орташаға айналды

2017 жылы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылды, оның басты бағыттары ірі банктерді қалыпқа келтіру және Ұлттық банктің реттеуіш-қадағалау функцияларын жетілдіру болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Өзінің баяндамасында ол 2017 жылға дейін банк секторы 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан бері созылып келе жатқан проблемаларды баяу шешкенін атап өтті. 
"Алайда банктер көп жағдайда консервативтік позицияда болды. Банктер проблемаларды нақты танудың орнына қарыз алушыларды қайта құрылымдауды және қайта біліктілігін арттыруды жүргізді, жекелеген кредиттер есептен шығарылды. Алайда банк жүйесінің балансы жаппай қалыпқа келтірілген жоқ", - деді Ақышев.
Данияр Ақышевтың айтуынша, нарыққа кейбір қатысушылар акционерлермен және менеджментпен байланысты тұлғаларды кредиттеу бойынша тәуекелді саясат жүргізе берді. Алайда 2000 жылдары мұндай қызмет банктердің шетелден қарыз ақшасы есебінен болса, соңғы жылдары мемлекеттің қаражаты есебінен қаржыландырылды. Мемлекеттік холдингтердің және квазимемлекеттік компаниялардың банктердегі шоттарында 7,2 трлн теңгеден астам қаражат бар. 2010 жылы 2,5 трлн теңге болды. Осылайша, ол 3 есе өскен. Банктердің міндеттемелерінде осындай қаражаттың үлесі 20%-дан 34%-ға дейін өсті.
Нәтижесінде көптеген орташа банктер ірі болды, шағын банктер орташаға айналды. 
"Капитал жеткіліксіздігі және қарыз алушылардың тәуекелдерін бағалау жүйесінің тиімсіздігі, сондай-ақ банктерді қалыпқа келтіру бойынша нақты іс-қимылдардың болмауы салдарынан банк секторындағы проблемалардың қауіпті шоғырлануы орын алды, ол 2015 жылы ұлттық валюта бағамының айтарлықтай өзгеруінен кейін күшейді. Сондықтан банк секторын нақты қалыпқа келтірместен, экономиканың нақты секторын қорландыруды жаңарту бойынша, мемлекет басшысы қойған міндетті шешу мүмкін болмас еді", - деді бас банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу