Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
"Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деді Дариға Назарбаева.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең "Бек Эйр" компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам көз жұмғаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізілген 66 адамның 50-і емделіп жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр.