Дәрігерлер Алматыда көлік апатынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты

478

Екі адам жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр. 

Дәрігерлер Алматыда көлік апатынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты Фото: Polisia.kz видеодан алынды

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы

болғандығы анықталды. Жол апатынан жарақат алғандар дереу жедел жәрдем қызметімен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

"Қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен 4 адам жеткізілді. Оларға бас сүйек-ми жарақаты, сүйек сыну және түрлі дәрежедегі дене жарақаттары диагнозы қойылды. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайлары ауыр деп бағаланды. Тағы бір адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ол №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысып, салдарынан Toyota  автокөлігі көпірден құлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу