Дәрігерлер Алматыда жол апатынан зардап шеккен жеті адамның қазіргі жағдайын айтты

443

Үйге соғылған автобустағы жолаушының жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 

Дәрігерлер Алматыда жол апатынан зардап шеккен жеті адамның қазіргі жағдайын айтты

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 қазан күні жол апатынан зардап шеккендер қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті, оның біреуі кәмелет жасына толмаған бала. Дәрігерлердің тексеруінен кейін 6 пациент амбулаториялық емге жіберілді. Қазіргі уақытта бір зардап шегушінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып, ол аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алады",- деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 10 қазан Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу