Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы медициналық қызметтің полковнигі Ғалымжан Омаров мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазір науқастардың жағдайы – қанағаттанарлық.
Қаперде болса, 21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі өздігінен жарылған болатын. 10 сапер жарықшақтан жараланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу