Дәрігерлер жаппай жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

293

Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға әртүрлі жарақатпен түсті.

Дәрігерлер жаппай жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты Фото: kris_p_almaty_official

Ақмола облысында болған жаппай жол апатында 20 адам, оның ішінде 8 бала жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ақкөл орталық аудандық ауруханасына түрлі деңгейде жарақат алған 3 адам жеткізілді. Барлығының жағдайы тұрақты. Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, олардың бесеуі, соның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге бас-ми жарақаты, сүйек сынуы және дене көгеруі диагноздары қойылды. Алтауы амбулаторлық емделуге жіберілді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, Бурабайдағы медициналық орталыққа төрт адам, оның ішінде бір бала жеткізілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылған, үшеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

– Астанадан 2 бала апат орнынан ауруханаға жатқызылды. 2021 жылы туған бір балада бас-ми жарақаты мен ми шайқалу белгілеріне күдік бар. Ал 2009 жылы туған жасөспірімде кеуде қуысының жарақаты мен тізе буынының көгеруі анықталды, – деп толықтырды басқарма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу