Darkhan Juzz-дің апатқа ұшыраған сәтінен видео жарияланды

1053

Танымал музыкант Darkhan Juzz-дің Тайландта апатқа ұшыраған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Darkhan Juzz-дің апатқа ұшыраған сәтінен видео жарияланды

Дарханның соңғы сәтін ресейлік палуан Мариф Пираев видеоға таспалап алған. Жол бойында жатқан әншіге алғашқы көмек көрсетіліп жатқаны байқалады. Дегенмен кейінірек балуан сторисін өшіріп тастады.

Белгілі болғандай, бүгін музыкант Darkhan Juzz-дің қайтыс болғаны хабарланды. Сыртқы Істер министрлігі хабарлағандай, Дархан Жүнісбеков жалдамалы мопедпен жүріп келе жатқанда жол апатынан қайтыс болған.

"Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу