Еркін күрестен 65 келіде сынға түсетін ол ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Дәулет Ниязбеков жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы, үндістандық Баджранг Пуниямен белдескен болатын. Аса тартысты өткен белдесу 9:9 есебімен тең аяқталды. Алайда, төрешілер сапалы әдіс, яғни, төрт ұпайлық әділ жасаған Ниязбековті жеңімпаз деп таныды. Дәулет Ниязбеков ертең өтетін финалдық айқаста екі дүркін Еуропа дүркін чемпионы, ресейлік Гаджимурат Рашидовпен алтын жүлдеге таласады. Ал 57 келіде сынға түскен Нұрислам Санаев жартылай финалдық бәсекеде түрік балуанына 3:5 есебімен жол берді. Санаев енді кіші финалда бақ сынайды.