Қосанов Дәурен Жұматайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Жарлықта.
1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген.
Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.
Еңбек жолын Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған.
Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі.
Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы.
2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2024-2025 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).
Марапаттары: I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.