Дауылда әріптестерін құтқармақ болған сарбаз көз жұмды

596

Алматы облысында әскери жаттығу кезінде 19-жастағы Ұлттық ұлан сарбазы Алмас Шахимов көз жұмды, деп хабарлайды Atameken Business.

Дауылда әріптестерін құтқармақ болған сарбаз көз жұмды

Кеше кешкісін әскерилер орналасқан аймақта қатты дауыл болған. Сарбаз сол мезетте қатарластарына қауіпті аймақтан шығуға көмектесіп жүріп, шатырдың металл қаңқасына басын жаралап алған.

Кейін дереу Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер құтқарып қала алмады.

2003 жылы туған жауынгер биыл көктемде Ақмола облысы Көкшетау қаласынан әскерге шақыртылған. Аталған факті бойынша қазір қызметтік тергеу басталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу