DAZN Головкин үшін "Канелоны" сырғытып тастады

1032

"Канело" рингке шамамен 26 қазанда оралуды жоспарлаған, алайда, DAZN плоатформасының атқарушы директоры Джон Скиппер бұл жекпе-жекті қарашаға шегермек.

DAZN Головкин үшін "Канелоны" сырғытып тастады

DAZN стриминг қызметі орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қарашаға шегереді. Бұл туралы BoxingScene-ге сілтемемен vesti.kz хабарлайды.

Мұның алдында Альварес жартылай ауыр салмақта WBO титулына ие Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) 24 тамыз Челябіде британиялық Энтони Ярдты (18-0, 17 КО) жеңсе, ресейлікпен жұдырықтасқысы келетіні хабарланған.

"Канело" рингке шамамен 26 қазанда оралуды жоспарлаған, алайда, DAZN плоатформасының атқарушы директоры Джон Скиппер бұл жекпе-жекті қарашаға шегермек. Өйткені 5 қазанда орта дивизионда IBF белбеуі үшін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жұдырықтасуы мүмкін.

"Скиппер Головкин – Деревянченко кездесуі мен Альварес жекпе-жегі арасында үзіліс жасамақ, бұл екі шоудың DAZN-дегі екі бөлек жазылу кезеңіне түсу үшін жасалды", ­– деп атап өтті BoxingScene шолуышысы Кит Айдек.

Мұның алдында Головкин – Деревянченко жекпе-жегіне ресми рұқсат етілді. Боксшылар 4 қыркүйекке дейін келісімге келу керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу