Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, тамыздың 6-сы күні арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентратын жеткізді. Медициналық құрылғы "СҚ-Фармацияға" жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.
"ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады", – деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі, доктор Кэролайн Кларинваль.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу