ДДҰ коронавирустың лабораторияда жасалмағанын жариялады

683

Қытай билігі ұйымның осылай дегенін мәлім етті.

ДДҰ коронавирустың лабораторияда жасалмағанын жариялады

Қытайдың Сыртқы істер министрінің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 вирусының зертханада жасалғанын растайтын айғақ жоқ деген.

2019 жылдың аяғында осы вирусты жұқтырудың алғашқы факті тіркелген Қытайдың Ухань провинциясында жаңа коронавирус қолдан жасалды деп күмәнданғандар бар. Солардың бірі Қытайдың экономикалық бәсекелесі –  АҚШ. Құрама Штаттардың президенті әлемдік пандемияның себебі – коронавирустың Уханьдағы зертханада жасалғанын немесе жасалмағанын анықтап, зерттеуге уәде берді.

Трамп, негізі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына көңілі толмайтынын бірнеше рет білдіріп, ұйымды сынға алға болатын. Ал кеше, яғни 15 сәуірде,ол ұйымға қаражат бөлуді тоқтатып тастады. 

Америкалық президенттің айтуынша, бұл ұйым жаңа коронавирус індеті туралы ақпаратты дер кезінде жарияламай, шындықты әлем қауымдастығына жеткізбеген. Сонымен қатар ұйым Қытай берген "жалған ақпаратты" таратып келді деп айыптады. 

Табиғат Нұрболат
Қытай коронавирус, қытайлық вирус, коронавирус жаңалық

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу