Декларацияны азаматтардың 99%-ы электронды түрде тапсырады

343

Декларацияны осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.  

Декларацияны азаматтардың 99%-ы электронды түрде тапсырады Фото: gov.kz

Сондай-ақ азаматтар декларацияны пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға да құқылы, деп жазады inbusiness.kz.

Электрондық нысанда декларацияны "салық төлеуші Кабинеті" МКК web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz ұсынуға болады, сондай-ақ E-SALYQ azamat, eGov mobile, Halyk, ЦентрКредитБанк ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (ЭЦҚ кілті талап етілмейді, СМС-парольдің көмегімен) ұсынуға болады. Осы жылдың 20 ақпанынан кейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz. мобильді қосымша арқылы ұсыну мүмкін болады

13 ақпанындағы жағдай бойынша 250.00 нысанды "кіріс" бастапқы декларациясын үшінші кезеңнің 121 мың декларанты (3,5 %) және 294 мың жеке тұлға 270.00 декларациясын ұсынды.

Бүгінде шетелде және Қазақстанда активтері жоқ жеке тұлғалар декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Қазіргі уақытта банк мекемелері мен Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық жүйелері тұрақты және тиімді жұмыс атқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу