Елімізде жұмыс істейтін әйелдер және ерлерге декреттік демалысқа шыққан кезде үш түрлі әлеуметтік төлем беріледі.
- Бала тууға берілетін жәрдемақы;
- Жүктілік демалысына шығып, табысынан айырылуына байлынысты берілетін әлеуметтік төлем;
- Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы.
Бала тууға берілетін жәрдемақы
- Бірінші, екінші және үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері қазір 140 296 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп балаға – 232 596 теңгені (63 АЕК) құрайды;
- Жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлер декретке шыққанда бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы төленеді.
Оның мөлшері отбасындағы бала санына байланысты:
- Бірінші балаға – 21 265 теңге (5,76 АЕК);
- Екінші балаға – 25 142 теңге( 6,81 АЕК);
- Үшінші балаға – 28 982 теңге (7,85 АЕК);
- Төртінші және одан да көп балаға – 30 705 теңге (8,90 АЕК).
Жұмыс істейтін декретке шыққан әйелдер немесе ерлер Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныдру қорына (Қор) әлеуметтік аударымдар төленген жалақыға байланысты төлемдер алады. Ол қалай есептеледі?
Орташа айлық жалақы / еңбекке жарамсыздық күндері коэфициенті / әлеуметтік төлем
Еңбекке жарамсыздық коэфициенті деген жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін 30-ға бөлу арқылы есептеледі.
Мәселен, ешқандай асқыну болмай, қалыпты жағдайда босанса, 126 күн беріледі. 126:30=4,2. Демек 4,2-ні орташа жалақыға көбейтеміз. Ал, Қорға әлеуметтік аударымдар төленген жалақыңыз 200 мың теңге болса, 4,2*200 000=840 000 теңге.
Жұмыс істейтін әйел немесе ер адам декретттік демалысқа шыққан кейін бала 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлемді алады.
Ол былай есептеледі. Соңғы 24 айдағы табысын 24-ке бөліп, 0,4 көбейту керек. Былай айтқанда табысының 40%-ы. Ескере кететін жайт, зейнетақыға 10% төлем ұсталады.
Мәселен, декретке шығатын әйел немесе ер адам 2 жыл бойы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген 200 000 теңге жалақыға жұмыс істесе, оны 24-ке бөлгенде, 200 мың теңге шығады. Оны 0,4-ке көбейтеміз. Сонда 80 мың теңге алады.
Басқаша айтқанда, жалақысының 40%-і төленеді. Ескере кететін жайт, орташа жалақы есептелгенде, бұл төлемге сыйақы, еңбек демалыс төлемі сияқты басқа да төлемдер қосылып есептеледі. Сондай-ақ 7 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы керек. 1 ЕТЖ=85 мың теңге. Демек, ең шектік деңгейі – 595 мың теңге.