Франкфурттен Делиге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Бакуге шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 25 тамызда Франкфурт – Дели бағыты бойынша LH760 рейсін орындаған Lufthansa ұшағының командирі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға рұқсат сұраған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Boeing 787 ұшағы Баку уақытымен сағат 23:26-да Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға сәтті қонды.
Әуежайдың тиісті қызметтері барлық қажетті шараны қабылдады. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу