"Delta Bank"-тың үш топ-менеджері ұсталды

1172

Тергеу мүддесіне қатысты басқа да ақпарат жария етілмейді 

"Delta Bank"-тың үш топ-менеджері ұсталды

"Delta Bank" АҚ-ның үш топ-менеджері ұсталды. Ақпаратты қаржылық мониторинг агенттігі растады, деп жазады inbusiness.kz.

"Директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалгимбаева, басқарма басшысы және мүшесі Нұрбол Самзаев пен Кенжегүл Қанатпаева ұсталды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа да ақпарат жария етілмейді",– деді агенттіктің баспасөз қызметі сенбіде.

Естеріңізге сала кетейік, "Delta Bank" АҚ Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен 2017 жылғы 3 қарашадан бастап банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылды. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Delta Bank АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы шешімі 2018 жылдың 25 сәуірінде заңды күшіне енді.


  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу