"Дельта" коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлаймын – Алмаз Шарман

6307

Әлем бойынша ай сайын вирустың шамамен екі немесе үш нұсқасы пайда болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дельта" коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлаймын – Алмаз Шарман

"1 маусымнан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың әр түрлі нұсқаларын грек алфавиті әріптерімен, яғни – "альфа", "бета", "гамма", "дельта" деп атап келеді. Жалпы пандемия басталғалы бүкіл әлемде көптеген нұсқалар тіркелді. Шамамен ай сайын екі немесе үш нұсқа пайда болды. Сонымен қатар тиімді вакциналардың пайда болуымен мутацияның жиілігі жылдамдады. Бұл табиғи эволюциялық процесс", – деді профессор. 

Оның айтуынша, вирус тірі қалудың жолын іздеп, белсенді түрде мутацияға ұшырайды.

 "Іс жүзінде, вирустың тек 30 мың нуклеотид негізі бар және оның мутациялық нұсқаларының саны шектеулі. Вирустардың бірнеше нұсқалары бар, олар жұқпалы және вакциналарға төзімді болуы мүмкін, бірақ олар уақыт өте келе жұқпалылығын жоғалтады. Мұндай жағдайды вирустың алғашқы үш нұсқасынан байқауға болады. Біз қазір "дельта" нұсқасымен күресіп жатырмыз. Ол өте жұқпалы. Бұл коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлаймын және болашақта пандемия бәсеңдеуі керек", – деді Алмаз Шарман. 

Бұл ретте профессор вирустың штамдары мен нұсқаларын шатастырмау керек деп есептейді. Ол штамдар вирустың тағы бір сапалық сипаттамасы екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу