"Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда – қатты жауын-шашын жауады. 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел соғып, тұман түседі: оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді; солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу