"Дені сау, ешкім қысым көрсетпеген": Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды

2337

Қаржаубай Нұрымов 25 желтоқсанда бостандыққа шығады.

"Дені сау, ешкім қысым көрсетпеген": Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды Фото: buginmedia.kz

Адвокаттар марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шерзат Болатқа арнап ашылған парақша да пайда болды.

"Біз бүгін Қаржаубайдың (ред. - Шерзаттың әкесі) хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Қазір уақытша ұстау изоляторында көріп, қолын ұстап, амандасып шықтық. Бәрі дұрыс. Дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ бәрін беріп жатыр, жылы жерде отыр. 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады. Соны хабарлағымыз келген", – деді адвокаттар.

Айта кету керек, 11 желтоқсан күні Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу