Денсаулығы сыр берген троллейбус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен

1792

Жол-көлік оқиғасының себепкері жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Денсаулығы сыр берген троллейбус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша денсаулығы сыр берген троллейбус жүргізушісі тұрақта тұрған көліктер мен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні Сәтпаев көшесінің бойында орын алған.

"Сәтпаев көшесінің бойымен троллейбус айдап келе жатқан жүргізушінің денсаулығы Розыбакиев көшесіне жетпей сыр берген. Нәтижесінде ол тұрақта тұрған үш көлікті соғып өтіп, жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан адамды қаққан. Жол-көлік оқиғасынан жапа шеккен адам оқиға орнында көз жұмды",– деп хабарлады полиция департаменті. 

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі "Кісі өліміне алып келген жол ережесін бұзу, көлікті пайдалану" бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар троллейбус жүргізушісі Алматы ауруханаларының  бірінің жансақтау бөліміне жеткізілген. 

"Науқасты жедел жәрдем қызметі №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер  Мэллори- Вейс синдромы асқынып, қан кеткен деген диагноз қойды. Ақ халаттырлар барлық қажетті ем шараларын жасады. Атап айтсақ ми КТ-сына түсіріліп, травмотолог, нейрохирург, хирург тексерді. Нәтижесінде бассүйек-ми жарақаты болмағаны анықталды. Қазіргі кезде науқастың жағдайы ауыр. Ол хирургия бөліміне жатқызылды",– деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал "Алматыэлектротранс" АҚ ЖКО кезінде жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, есінен танып қалғанын хабарлады. Сондай-ақ компанияда қайтыс болған азаматтың отбасына өтемақы төленетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу