Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекеме қатысты іс қозғалды

1063

ЖШС жөндеу жұмыстары орындалмаған, алайда мердігерге жұмыс ақысы толық көлемде төленген. 

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекеме қатысты іс қозғалды

Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығына ие республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірінің ғимаратын жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Деректерге сәйкес елордадағы ЖШС-нің бірі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Бірақ олар аталған жұмыстарды толық орындамаған. Соған қарамастан актілерге қол қойылып, мердігерге жұмыстың барлық ақысы төленген.

Енді аталған мекемеге қатысты Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу