Депутат айналдырған 2 жылда картадан неше елді мекеннің жойылғанын айтты

Ауылдан көшкен һәм кеткен адамдардың саны өте көп.

Депутат айналдырған 2 жылда картадан неше елді мекеннің жойылғанын айтты Фото: kazpravda.kz

Мәжілісте талқыланған шекаралық елді мекендердің мәселесінде алаңдатарлық статистикалық деректер жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жиында бірінші болып баяндама оқыған Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "ауыл халқының жылдан-жылға азайып бара жатқаны назар аударуға тұрарлық жайт" деді. 

– Бүгінгі күнде елімізде 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы 6286 ауыл болды. Сонда тек 2 жылдың ішінде 80 ауыл жойылды. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру қажеттігін баса айтқаны баршаңызға мәлім. Сондықтан, осы мәселені талқылап, ауылдарды соның ішінде шекара маңындағы ауылдарды дамыту бойынша нақты шешімдерге келген жөн, – деді Ж.Дайрабаев. 

Ұлттық экономика министрлігі соңғы он жылда Қазақстан картасынан 572 ауылдың жойылғанын хабарлаған еді. 

Бұған дейін inbusiness.kz сайты "Келешекте Қазақстанда ауылдар қалмауы мүмкін" деген тақырыпта зерттеу мақала жариялаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу