Депутат Қазақстан бітімгерлерін Ресейге жіберу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

439

Осыған дейін әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағытын Парламент мақұлдайтыны туралы айтылған болатын. 

Депутат Қазақстан бітімгерлерін Ресейге жіберу мүмкіндігі туралы пікір білдірді Фото: Almaty.tv

Мәжіліс кулуарында депутат Нұрлан Әуесбаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Тілші "Қазақстандық бітімгерлердің Парламент мақұлдаған жағдайға ғана Ресейге жіберілетіні айтылды, егер сіздерге тиісті құжат түсіп жатса, мақұлдайсыздар ма?" деп сұрақ қойды.

"Жоқ, мақұлдамаймыз оны. Әр мәселені қарай керек. Қазіргі таңда халықаралық мәселелер қалыпты жағдайда. Мемлекет басшысының бағдарының барлығы дұрыс. Біз қиын қыспақтың арасында өте дұрыс бағытта келе жатырмыз. Біз соғысты қолдамаймыз. Еш уақытта ешқандай соғыс әрекетін, соғысушыларды қолдамаймыз", - деді мәжілісмен.

Айта кету керек, Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлердің Ресейге жіберілуіне қатысты пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу