Депутат: Қазақстанның ұялы байланыс операторлары бағаны келісіммен қойған

1437

Биыл Activ, KCell, Beeline ұялы операторлары жаңа тарифтік жоспарға көшті, оған сәйкес абоненттік төлем төрт аптада бір рет алынады, бұрын айына бір рет төленетін.

Депутат: Қазақстанның ұялы байланыс операторлары бағаны келісіммен қойған

Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинскаяның мәліметі бойынша, биыл мобильді операторлар тарифтік жоспарларын бір мезгілде өзгертті, нәтижесінде қызметтер құны бірден 8 пайызға қымбаттап кеткен. Оның пікірінше, бір жақты тәртіпте тарифтерді өзгерту Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген ережедегі құқықтық олқылықтардың нәтижесінде мүмкін болды. Онда Ұялы байланыс операторына тарифтік жоспарлардың тізбесін дербес қалыптастыруға рұқсат етілген.

"Биыл Activ, KCell, Beeline ұялы операторлары жаңа тарифтік жоспарға көшті, оған сәйкес абоненттік төлем төрт аптада бір рет алынады, бұрын айына бір рет төленетін. Нәтижесінде енді әрбір пайдаланушы жылына 12 емес, 13 рет төлем жасайды. Іс жүзінде ұсынылатын тарифтің 8%-ға қымбаттауы жасырын түрде болып отыр. Операторларда қызмет құнының бір уақытта өзгергенін де назарға алу керек",– дейді Екатерина Никитинская .

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу