Депутат Талғардағы оқиға туралы: "Бұл жайтты бақылауда ұстаймыз"

236

Әлеуметтік әділдікке нұқсан келген жағдайда тиісті мәселе Мәжілісте қайта көтерілуі мүмкін.

Депутат Талғардағы оқиға туралы: "Бұл жайтты бақылауда ұстаймыз" Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Талғардағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, қазір тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.

"Ол қоғамның бақылауында. Әлеуметтік әділдіктің орнауына мүдделі азаматтың бірі менмін. Сондықтан бұл жайтты біз бақылауда ұстаймыз. Ішкі істер органдарының тарапынан ешқандай өзгерістер болмаған жағдайда, тиісті әлеуметтік әділдікке үлкен нұқсан келсе, онда біз бұл мәселені Мәжілісте қайта көтереміз", – деді депутат.

Айта кету керек, депутат Абзал Құспан құқық қорғау органдарының жұмысына шүйліккенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу