Депутаттар 41 заң жобасына бастамашы болды

763

Халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторы айқындалады. 

Депутаттар 41 заң жобасына бастамашы болды Фото: inform.kz

Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин депутаттардың заң шығарудағы белсенділігіне назар аударды. 

"Ерекше атап көрсетерлігі, осы сессияда депутаттардың заң шығару бастамашылығы өте жоғары. Мысалы, 41 заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да он шақты заң жобасы бар", – деді ол
халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында. 

Айта кетейік, жоғарыдағы заң жобасы аясында үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзырет беру ұсынылады. Сонымен қатар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған. Белгілі болғандай, болашақта электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу және электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітіледі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу