Депутаттар медициналық мамандармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді

864

Депутаттар медициналық мамандармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді

ҚР парламенті мәжілісінде денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі бойынша үкіметтік сағатта еліміздің медициналық мекемелерін медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР білім министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев айтқандай, бұл оңай шешілетін мәселе емес.

"Мәселе оңай емес. Қазіргі кезде жұмыс тобы ірі аймақтық университеттер базасында медициналық мамандықтар, медициналық факультеттер ашу мүмкіндігін зерттеуде. Мәселе, ең алдымен, кәсіптік педагогикалық кадрлардың және тиісті инфрақұрылымның болуына байланысты. Егер біз осы мәселелерді шешсек, онда ҚР БҒМ тиісті лицензиялар беруге дайын", - деді ол.

Өз кезегінде ҚР парламенті мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева үкімет медициналық университетті бюджет есебінен оқыған студенттерге оқуды бітіргеннен кейін еңбек етуге міндеттемейтінін хабарлады.

"Бұл жерде мәселе біздің аз дайындайтынымызда емес, мәселе біздің қалай дайындайтынымызда, содан кейін ол мамандар белгіленген жерге жете ма. Осы бағытта талдау жасауымыз керек, Елжан Амантайұлы. Бұл бір. Ал екіншіден, Елжан Амантайұлы, "Білім туралы" заңның мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған мамандарды үш жыл бойы еңбек етуге, жұмыспен өтеуге міндеттеу нормасы іске асуда. Дегенмен, үкімет бұл норманы жою туралы жобаны ұсынды", - деді Исимбаева.

"Мүмкін, бүгінгі талқылаудан кейін, тіпті осы бағытта мемлекет басшысы ескерту жасаған партияның саяси кеңесінен кейін де, үкімет осы нормадан бас тартуды қайта қарап, келісімін береді. Әйтпесе біз мамандармен қамтамасыз ете алмаймыз. Біз жыл сайын грант санын көбейтеміз, енді өңірлік жоғарғы оқу орындарында бөлімдер аша бастаймыз. Алайда егер медицина университетінің түлектері мамандық бойынша жұмыс істемесе, емханаға бармаса, әрбір ауылдан факультет ашса да, бәрібір ештеңе шықпайды", - деп түсіндірді Гүлмира Исимбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу