Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты

371

Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: куәгерлерден

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні "Шемонаиха-Усть-Таловка" тасжолында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу