"Депутаттың, әкімнің балалары емеспіз": Нұрбол Тоқтаубаев жұрт айтқандай дөкейдің баласы еместігін жеткізді

Жарыссөзде Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды сұраған Нұрбол Тоқтаубаев бүгінгі сотта соңғы сөзін айтты.  

"Депутаттың, әкімнің балалары емеспіз": Нұрбол Тоқтаубаев жұрт айтқандай дөкейдің баласы еместігін жеткізді Фото: Жоғарғы сот

Айыпталушы соңғы сөзінде бәрінен кешірім сұрап, туған ауылы туралы тебіреніп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мен өзіме тағылған айыпты қолдамаймын, менің қолымда қару-жарақ болған жоқ, ешқандай төбелесуге ниетім болған жоқ. Оның бәрі бейнематериалдарда көрініп тұр. Тұрар Рысқұлов – атамыз еліне елеулі, халқына қалаулы адам, баяғыда қазағымызды ашаршылық заманнан құтқарып қалған атамыздың туған жерінде тұрамыз. Балағат сөздер ауылымызға тимесе екен дейміз, – деді Нұрбол Тоқтаубаев. 

Сондай-ақ, айыпталушылардың бәрі ешқандай тіреуі жоқ қарапайым қазақ балалары екенін атап өтті. 

– Біз ешқандай да бандит емеспіз, рэкет емеспіз. Қазақтың қарапайым қарадомалақ баласымыз. Тұрар Рысқұлов ауылында туып-өскен қарапайым баламыз. Ешқандай да депутаттың, әкімнің балалары емеспіз. Бізді балағаттап, үстімізден жалған айып тағып, жалған ақпарат таратып жүрген блогерсымақтарға айтарым, мәселенің анық-қанығына көз жеткізіп барып сөйлеген дұрыс деп ойлаймын. Сабақ болсын! – деді сотталушы.

Бұған дейінгі жарыссөзде Нұрбол Тоқтаубаев өзін ақтауға тырыспайтынын айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу