Deutsche Bank Венесуэладан қарызын 20 мың тонна алтынмен қайтарып алды

1099

Неміс банкі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Deutsche Bank Венесуэладан қарызын 20 мың тонна алтынмен қайтарып алды

Deutsche Bank Венесуэлаға берген $750 млн қарызы жабылмаған соң, оны 20 мың тонна алтынмен қайтарып алды.

Каракас несиені осыдан 3 жыл бұрын алған. Ол 2 жылдан соң толық қайтарылуға тиіс еді. Бірақ соңғы кездері елде экономикалық дағдарыс ушығып кеткен соң, бірнеше мәрте төлем жасалмай, пайызы өскен. Сол себепті кредитор Венесуэладан кепілзат ретінде 20 мың тонна алтынды тәркілеп, несиені мерзімінен бұрын жапты.

Блумберг ақпарат агенттігінің хабарлауынша, неміс банкі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу