"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылды

566

Сот Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман) қамауда ұстау мерзімін 7 наурызға дейін ұзартты, деп жазады  inbusiness.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылды Фото: exk.kz

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2022 жылғы 29 желтоқсанда сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. А.Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 7 наурызға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс отырысында Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК қызметкерінің келісімімен әрекет еткенін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу