Димаш Құдайберген боксшы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді, деп жазады inbusiness.kz әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
"Қазақтың нағыз намысты жігіті! Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз...", - деп жазды ол.
Айта кетейік, 6 қарашада Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен болған кездесуде нокаутпен жеңіліп, кейін ауыр халде емханаға жеткізілген болатын. Жексенбі күні боксшыға ота жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу