Димаш Құдайберген халықаралық "Қазақ тілі" қоғамын қолдауға шақырды

508

Бұл туралы өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген халықаралық "Қазақ тілі" қоғамын қолдауға шақырды Фото: @kudaibergenov.dimash

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарды, онда 60 мыңнан аса сөз қамтылған. Бұл туралы өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүние жүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған", - деп ол жаңалықты жеткізді.

Әншінің сөзінше, сөздік құрастыру 4 жыл жүріп, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты.

"Ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырамын! Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік!",- деп жазды Димаш желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу