Димаш Құдайбергеннің анасы әскери ұшаққа мініп көрді

Светлана Айтбаева алған әсерімен бөлісіп, "әлемдегі ең батыр адамдар – ұшқыштар" деген қорытындыға келген.  

Димаш Құдайбергеннің анасы әскери ұшаққа мініп көрді Фото: бейнежазбадан

Белгілісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін Ұлттық ұлан өз авиабазасына қонақ ретінде шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Отбасы күніне орай Ұлттық ұланының авиабазасына Әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері барған. Делегацияға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Светлана Айтбаева жетекшілік етті. 

"Бүгін мен жоғары кәсіби дайындықты, заманауи ұшақтар мен тікұшақтарды, сондай-ақ өз ісіне адал азаматтарды көрдім. Әсіресе, мұнда отбасы құндылықтарына және әскери қызметшілерге моральдық қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінетіні қуантады. Берік отбасы ғана Отанға адал қызмет ету жолында күш-қуат сыйлайды", – деді Светлана Ермекқызы.

Даңқ залында қонақтарға құқықтық тәртіп әскерлері авиациясының қалыптасу және даму тарихы таныстырылған. Одан кейін әскери қызметшілермен ашық әңгіме өрбіп, бала тәрбиесі, отбасылық дәстүрлерді сақтау және қазіргі қоғамдағы әскери қызметтің маңызы талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу