Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды

983

Бұл туралы журналист өз парақшасында хабарлады. 

Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды Фото: nur.kz

Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы дүниеден өтті

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат-Света, мықты болыңыздар!", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

Айта кетсек, Димаш марқұм атасы Құдайберген мен әжесі Миуаның тұңғыш немересі. 2019 жылы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 2018 жылы Димаштың ата-әжесі үйленгендеріне елу жыл толуына орай "Алтын тойларын" өткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу