Діни басқарма қажылық маусымының уақытын жариялады

141

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында биылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстары қорытындыланды.    

Діни басқарма қажылық маусымының уақытын жариялады Фото: ulysmedia.kz/коллаж

Кеңесте қасиетті сапардың нақты мерзімі, тасымалдаушы компаниялар тізімі және қажыларға қойылатын басты талаптар жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен онлайн-жиында Қазақстан қажылық миссиясы мен 14 ресми туроператор басшылары бас қосты. Жиынның басты мақсаты – сапарды жоғары деңгейде, қауіпсіз әрі қолайлы ұйымдастыру.

Биылғы қажылық маусымының уақыты:

  • Сапар кезеңі: 15 мамыр – 5 маусым;
  • Ұшу қалалары: Алматы, Астана, Шымкент;
  • Бару бағыты: Джидда және Мәдина қалаларына тікелей рейстер.

Қажыларды тасымалдау құқығы байқау негізінде мына әуе компанияларына тиесілі:

  • Air Astana (Қазақстан);
  • SCAT (Қазақстан);
  • Flyadeal (Сауд Арабиясы).

Туроператорлар мен қажыларға қойылатын негізгі талаптар мыналар: 

  1. Туркод;
  2. Вакцинация;
  3. Қазақстандық квотамен шетел азаматтарын қажылыққа апармау;

  4. Квота;
  5. Заңдылық (Сауд Арабиясы Корольдігінің заңдарын бұлжытпай орындау).

Жиынға төрағалық еткен наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы биыл ұйымдастыру жұмыстарына қатысты талабын жеткізіп, туроператорлар тек қызмет көрсетіп қана емес, қажылардық рухани азық алуына жағдай жасауды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу