Діни лидерлердің сындарлы және жасампаз күштерді біріктіруде рөлі зор

162

Нейрожелілер мен жасанды интеллекттің қарыштап дамуы әлемдегі сын-қатерлердің біріне жатады. 

Діни лидерлердің сындарлы және жасампаз күштерді біріктіруде рөлі зор Фото: Ақорда

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Адамзат алдында тұрған әрі көпшіліктің дискуссиясына айналған сын-қатерлердің біріне нейрожелілер мен жасанды интеллекттің жылдам дамуы жатады. Қазір цифрлық технологиялар прогреске үлкен мүмкіндіктер ашады, бірақ та жаңа сын-қатерлерге де ие. Сарапшылардың сөзінше, ақпараттық саладағы басты сын-қатерлердің біріне әдейі жасалатын дезинформациялар мен фейктердің кең таралуы болып отыр. Осы мақсатта жасанды интеллектің күші де тартылуы мүмкін. Өз кезегінде бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтардың арасындағы түрлі қақтығыстарға әкелуі мүмкін", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сөзінше, осы сын-қатерлердің бәрі қазіргі қоғамдарды тұрақсыздандырып, жаһандық тұрақтылыққа нұқсан келтіреді әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұрынғы тетіктерінің тиімділігін төмендетеді.

"Бұл мәселелерді азайту және еңсеру үшін барлық сындарлы және жасампаз күштердің күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Діни көшбасшылар да бұл процесте үлкен рөл атқаруы керек екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті Сенат спикері.

Айта кету керек, осыған дейін  елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу