Disney-дің тағы бір фильмі қазақша сөйледі

2268

Бұл анимациялық фильмнің алдын ала көрсетілімдері Астана мен Алматы қалаларында өтті.

Disney-дің тағы бір фильмі қазақша сөйледі

Disney-дің "Ральф против интернета/Ральф интернетке қарсы" анимациялық фильмі қазақшаға аударылды, деп хабарлайды "Болашақ" корпоративтік қорына сілтемемен bnews.kz.

Дубляжға 50 актер, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен "Балапан" телеарнасының кішкентай актерлері қатысты.

Бұл анимациялық фильмнің алдын ала көрсетілімдері Астана және Алматы қалаларында өтті, фильмді жас көрермендер де, ересектер де өте жылы қабылдады.

"Сүйікті кейіпкерлерімен қазақ тілінде тілдесе отырып, біздің балаларымыз мемлекеттік тілде сөйлеуге көбірек талпынатын болады. Біздің Қор балалар анимациялық филмдерін қазақ тілінде көрсетілімге ұсыну шараларын бірнеше рет ұсынған болатын. Мәселен, салықтық преференциялар кинотеатрлардың осындай сеанстарды көрермендерге ыңғайлы уақытта қоюына ынталандыруы мүмкін еді. Бірақ біздің осы норманы енгізу ұсынысымыз жақында қабылданған Кинематография туралы заңда ескерілген жоқ. Біз, ҚР мәдениет және спорт министрлігі бұл қажеттілікті қалайда назарға алатынына сенеміз, өйткені ол қазақ тілі мен біздің балаларымыздың болашағымен тікелей байланысты", - деп санайды қор директоры Динара Чайжунусова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу