Дмитрий Мун вице-министр қызметіне тағайындалды

119

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Дмитрий Мун вице-министр қызметіне тағайындалды Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дмитрий Мун Андреевич 1991 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. 

2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Қолданбалы математика және информатика" мамандығы бойынша бітірген.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

2014 жылғы тамыз – 2017 жылғы қыркүйек аралығы – "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да, "Қазпошта" АҚ-да жұмыс істеді;

2017 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы қараша аралығы – ҚР прокуратурасының лейтенанты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Аналитикалық бөлімінің бастығы;

2019 жылғы қазан – 2023 жылғы тамыз аралығы – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да инженер-бағдарламашы, жоба жетекшісі, Big Data жөніндегі басқарушы директор;

2023 жылғы тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу