Дмитрий Титов ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетін уақытша басқармақ

410

Ол 2022 жылдың мамырынан бастап аталған комитет басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Дмитрий Титов ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетін уақытша басқармақ Фото: gov.kz

Дмитрий Титов ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін уақытша атқаратын болды, деп жазады inbusiness.kz  

"Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болмаған уақытта өзара алмастырушылық жөніндегі лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес төрағаның міндеті төраға орынбасары Титов Дмитрий Анатольевичке жүктеледі", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кету керек, осыған ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент пен Жетісу облысы бойынша ТЖД басшылығы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу