Дональд Трамп "Бейбітшілік кеңесін" өмір бойы басқаруы мүмкін

893

Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.  

Дональд Трамп "Бейбітшілік кеңесін" өмір бойы басқаруы мүмкін Фото: t.me/BILD_Russian

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп өзі құрған "Бейбітшілік кеңесінің" төрағасы қызметін президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін де сақтап қалуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұйым жарғысының жобасына сәйкес, Трамп бұл лауазымды өз еркімен отставкаға кеткенге дейін атқара алады.

Құжатта кеңес шешімдері көпшілік дауыспен қабылданғанымен, олардың барлығын бекіту құқығы төрағаға тиесілі екені көрсетілген.

Сонымен қатар, ұйымның қаржысын басқару да Трамптың құзыретінде болмақ.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына 22 қаңтарда қол қоятынын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу