Халықаралық Достық шекара өткелінде теміржол станциясын кеңейту және модернизациядан өткізу жөніндегі жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі.
Жоба аясында ұзын құрамды пойыздарды өткізу үшін "Т" шекара паркіндегі төрт қабылдау-өткізу жолдары ұзартылады.
Бұл пойыздарды қабылдау және өңдеу уақытын азайтады. Сонымен қатар өткізу мүмкіндігін арттыру үшін Достық-19-разъезд теміржол өткелінде екінші жол және 19-разъезде үш қосымша қабылдау-өткізу жолдары салынады.
"Станцияны кезең-кезеңімен дамыту жоспарында Достық-Ақтоғай участогындағы бағытқа қарай "Г" паркінде пойыздарды қабылдап, жібере алатын төрт қосымша жол және орталықтандырылған электр станциясының жаңа бекетін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кент тұрғындары мен теміржол қызметкерлері үшін станцияның "В" орталық қабылдау-өткізу паркі арқылы жаяу жүргізушілерге арналған көріп салынады", - деп хабарлады Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі.