ДСМ-нің медсақтандыруы жоқ азаматтарға жүргізуші куәлігін бермеу ұсынысы орынды ма?

367

Ведомство бұл әлемдік тәжірибеде бар екенін алға тартып отыр.  

ДСМ-нің медсақтандыруы жоқ азаматтарға жүргізуші куәлігін бермеу ұсынысы орынды ма? Фото: Inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сақтандырылмаған қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерге шектеу қоюға қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына келер болсақ, денсаулыққа қатысты кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеу әлемдік тәжірибеде бар. Германия, Норвегия, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдерде осындай шаралар бар. Бұдан бөлек өзге елге барғанда медициналық сақтандыру талап етілетіні туралы да білесіздер. Бүгінгі таңда елімізде жол апатынан жыл сайын 3 мыңнан астам адам қаза табады. Жол-көлік оқиғалары да жиі болады", - деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.

Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл шектеу шұғыл көмекке қатысты емес.

"Кейбір травматологиялық, ортопедиялық, басқа да күрделі оталар МӘМС жүйесіне кіреді", - деп толықтырды ол.

Министр медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға жүргізуші куәлігін бермеу тек ұсыныс екенін, бұл мәселе әлі қарастырылатынын атап өтті.

Айта кету керек, осыған дейін медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмеуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу